Accessibility links

Палестинаның коалициялық өкіметін құру жөнінде Фатах және Хамас топтары өкілдері бүгін ақылдасуда


Оның барысында Фатах тобы шартты түрде үкіметке қатысуға келісті. Хамас тобы өздеріне деген халықаралық оппозициялық көзқарасты жұмсарту мақсатында, кең тұрғыдағы коалиция құруға ұмтылуда. Фатах ресми өкілдері Хамаспен бірлікте өкімет құруға аса құлшыныс танытпауда. Хамас тобының заңгері Исмайл Ханиях сейсенбі күні өкімет басшысы боп тағайындалған еді. Өкімет жасақтау үшін оған бес апта уақыт беріліп отыр.

“Елбасы Махмуд Аббастан мен арнайы хат алдым. Онда Палестинаның жаңа өкіметін жасақтауға ұсыныс жасалған екен. Хамас тобымен бірге бұл хатты талқылап, жауабын қайтарамыз”, - деді Ханиях мырза.
XS
SM
MD
LG