Accessibility links

Фатх тобы Хамас бастаған коалициялық үкіметке қосылатын болып келісті


Газа. Фатх Палестиннің Хамас бастаған коалициялық билігіне шартты түрде қосыламыз деп мәлімдеді. Тараптар өкілдерінің талқылауларынан кейін осындай хабарлама жасалды. Фатх ұйымының қандай шарттар қойып отырғаны әзір анық айтылмайды. Жақында өткен парламент сайлауында Хамас тобы басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Иран Палестиннің Хамас бастаған үкіметіне қаржылай көмек береміз деп уәде етті. Иерусалимде Израилдың уақытша премьер-министрі Ехуд Олмерт Хамастың Израилға қауіп төндіретіндей стратегиясы жоқ деп айтты.
XS
SM
MD
LG