Accessibility links

Өз аумағында уран байытуға шақырып отырған Ресейдің ұсынысына Иран қарсы емес көрінеді


Бірақ, Иран ол үшін қажетті орын, уақыт мәселесін талқылау лазым дейді. Дегенмен, өзінің Индонезия сапары кезінде Иран сыртқы істер министрі Моттаки тілшілерге, «Иран Ресеймен өзара мәмілеге дайын» депті. Теһранға бірнеше күнге келген Ресей Атом агенттігі басшысы С.Кириенко Иран ресмилерімен бұл мәселені одан әрі талқыламақ. Ақпанның 24-інде ядролық бағдарлама мәселесін талқылау мақсатында Иранға Қытай сыртқы істер министрі Лу да келмек.
XS
SM
MD
LG