Accessibility links

Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлағанындай, бүгін таңертең Мәскеудегі Бауман базарының шатыры құлап, кемінде 38 адам қаза тапқан


Жарақат алғандар саны 30-дан асқан. Үйінді, қиранды астында әлі де болса ондаған адам қалған делінеді. Бұл апат жөнінде министрліктің өкілі былай дейді:

- Құтқару шарасы жалғасуда. Негізгі жұмыс - үйінді астында қалғандарды құтқаруға қаратылған. Ғимаратты одан әрі құлатып алмау үшін үлкен техниканы іске қоспай отырмыз. Құтқарушылар қиранды астында қалғандарды қол күшімен алып шығуға әрекет жасауда.

1970-жылы салынған Бауман базарының шатыры қар салмағынан немесе құрылыста кеткен жоба қателігінен құлап түскен деген болжамдар айтылуда. Соңғы келген хабарға қарағанда апат болған жерде өрт шыққан.
XS
SM
MD
LG