Accessibility links

Ратко Младичпен келіссөздер жүргізіп жатыр деген хабарды Нидерландының сыртқы істер министрі жоққа шығарды


Прага. Бірқатар жаңалықтар агенттігі Голландияның сыртқы істер министрі Бернард Бот Белградта болғанында соғыс қылмыскері Ратко Младичпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз деп айтты деген хабар берген болатын. Сыртқы істер министрінің өкілі «Азаттық» радиосына Бот Белград сапарында үкімет Младичпен оның берілуі турасында келіссөздер жүргізіп жатыр деп айтқан жоқ, мүмкін мұндай мәселені ол өзінің адамдарымен талқылаған болуы керек дегенді айтқан. Соңғы бірер тәулікте 1990 жылдардағы Босния соғысында Сребереница қырғыны үшін соғыс қылмыскері деп айыпталған Ратко Младич ұсталды деген хабарлар тараған болатын. Алайда мұндай деректерді Сербия үкіметі де, Гаагадағы соғыс қылмыстары трибуналы да растаған жоқ.
XS
SM
MD
LG