Accessibility links

Базарда орын алған апатта құрбан болған адамдар саны өсіп барады


Мәскеу. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы деректеріне қарағанда, Басманный базарының төбесі құлаған кезде қаза болғандар саны 50-ге жеткен, жарақат алған адамдар - 30-дан асады. Құрбан болғандардың саны бұдан да өсе түсуі мүмкін. Құлаған үйінділерді аршып, оның астында қалған адамдарды түгел іздестіріп табу үшін үш күндей уақыт керек болады дейді мамандар. Апат кезінде қаза тапқан, базарда жұмыс істейтіндердің көпшілігі бұрынғы Совет республикаларынан, Орта Азия елдерінен болуы ықтимал. Олардың кейбірі базарда сауда жасап, әрі осында уақытша тұрып жатқандар. Базар шатырының құлауының негізгі екі себебі айтылуда - қалың жауған қардың салмағын көтере алмауы немесе ғимараттың дұрыс пайдаланылмауы болуы мүмкін. Прокуратура базардың жобасын 1970 жылдары жасаған архитектор Нодар Канчелиден бейсенбі күні жауап алды.
XS
SM
MD
LG