Accessibility links

Кондолиза Райс Таяу Шығыстағы сапарының соңғы аялдамасы Дубайға келді


Абу Даби. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Біріккен Араб Әмірліктерінен Шығанақ Ынтымақтастығы Кеңесіне мүше алты елдің министрлерінің Дубайдағы кездесуіне кетті. Онда Иранның ядролық бағдарламасы, Ирақтағы жағдай мен Палестинаның парламенттік сайлауларында жауынгерлік Хамас тобының жеңіске жеткеніне байланысты мәселелер қаралады. Уашингтон Араб елдерінің Хамасты шеттеткенін қалаған еді, бірақ Мысыр мен Сауд Арабиясы өздерінің Палестина қозғалысына қолдауларын жалғастырды. Дубай Кондолиза Райстың Таяу Шығысқа сапарының соңғы аялдамасы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG