Accessibility links

Құс тұмауы еуропалық 10 елге тарап отыр


Вена. Бүгін Венада Еуропалық денсаулық сақтау министрлері Еуропадағы құс тұмауын ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселені талқылады. Соңғы деректерге қарағанда, еуропалық 10 елге құс тұмауының вирусы тараған. Бүгін Франция үкіметі елдің оңтүстікшығысындағы 11 мың үйрегі бар бір фермада құс тұмауы бар деп күдіктелген соң оны қоршауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Еуропада ең бірінші болып Францияда үй құстарында құс тұмауы көп тарап отыр.
XS
SM
MD
LG