Accessibility links

Ресей мен Қытай өкілдері Техранды ымыраға шақырып отыр


Техран. Бүгін Техранда Ресей мен Қытай ресмилері Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздерді бастап, Иранды БҰҰ-ның санкциясына жол бермейтіндей ымыраға келуге көндірмекші. Ресей делегациясын бастап барған “Росатом” агенттігінің басшысы Сергей Кириенко, ал Қытайдан сыртқы істер вице министрі Лу Жозенг келген. Екі тараптың өкілдері үш күннің ішінде Иранның ядролық бағдарлама бойынша өкілі Али Ларижанимен және басқа да Иранның ресми өкілдерімен кездеседі. Иранның сыртқы істер министрі бейсенбі күні Иран ядролық бағдарламасына байланысты бір мәмілеге келуге дайын деп айтқан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG