Accessibility links

“Мигрант” шарасы кезінде Қазақстанға келу тәртібін бұзған 8 мың елдік азамат анықталды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

республикаға келу тәртібін бұзған 8 мың шет елдік азаматты анықтады. Заң бұзған шет ел азаматтары әкімшілік жауапқа тартылып олардың 1249-ы Қазақстаннан шығарылды. Осы шара өтіп жатқан уақытта Қазақстан парламентінде “Көші-қон процесін реттеу” бойынша заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қаралып, ол заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Ішкі істер министрлігі тартқан ақпаратқа сүйенсек, ақпан айының 17-сі мен 22-сі аралығын қамтыған республикалық шара барасында Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 7473-ТМД азаматтары және 546 алыс-жақын шет ел азаматтары анықталған. Олардың 1249-ы Қазақстан аумағынан шығарылған Алматы қалалық ішкі істер департаментінің заңсыз көші-қон миграциясымен күрес бөлімінің бастығы Серік Жантұрғанов: “Осы шара кезінде республикаға келу тәртібін бұзған 853 адамның Алматыда жүргендігі анықталды. Оның 188-і әкімшілік жауапқа тартылып, ел аумағынан шығарылды”, дейді.

Ал республика бойынша, шет елдік жұмыс күштерін пайдаланатын 2230 ұйым тексеріліп, заң бұзған 196 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылған.

Алматы қаласындағы базарда саудамен айналысатын Нодиржон есімді Тәжікстан азаматы: “Қазақстаннның полиция қызметкерлері дүркін-дүркін жүргізіп тұратын мұндай шараға көптеген отандастарым ілініп кетеді. Полиция қызметкерлері базарда жүрген тәжік, өзбек сатушыларын келеді де тіркеп алып кетеді. Ал біздің жұмыс орнымыз қараусыз қалады. Бұл әрдайым қайталанып тұратын жағдай”, дейді. Ал оның отандасы базар сатушысы Зохиржон: ”Алматыда заңды түрде еңбек етіп жүргеніме 10 жыл. Басқа елдерге қарағанда Қазақстанда салығыңды төлеп, құжаттарыңды тіркесең жұмыс істеуге мүмкіндік бар”, дейді.

Ал статистика агеттігінің 2005 жылғы мәліметі бойынша жоғарыдағы кейіпкерлеріміз сынды Қазақстанда 127357 шет ел азаматтары тұрады екен. Олардың ішінде 85166-сының немесе 66 пайыздан астамының ыхтияр хаты және азаматтығы жоқ адам ретінде тіркелген куәлігі бар.

«Шетел азаматтарының соңғы уақытта Қазақстан аумағына заңсыз өту немесе республикада аумағында түпкілікті қалып қою фактілері жиілеп кетті. Осыған орай, Қазақстан парламенті “Көші-қон процесін реттеу” бойынша заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарап бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы негізгі 4 приципті мәселені көздеп отыр. Біріншіден, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуін және елде болу мерзімін рәсімдеуді тәртіпке келтіруді көздейді. Екіншіден, елден қуылып жіберген шет елдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға қайта Қазақстан Республикасына келуге тиым салатын мерзімді айқындау көзделіп отыр. Үшіншіден, шақырылған шет ел азаматтарының елде болу мерзімін бұзғандығы үшін шақырушы тараптың жауапкершілігін белгілеу. Төртіншіден, шет елдіктердің Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алатын шарттарды анықтауды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - дейді Мәжіліс депутаты Уалихан Қалижан.

Мәжіліс депутатының айтуынша, бұл заң жобасы наурыз айының ортасында Мәжілісте екінші оқылымда қаралып, мақұлданады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG