Accessibility links

Бангладеште алты қабатты фабрика үйі құлады


Дака. Бангладештің астанасы Дака қаласында алты қабатты фабрика ғимараты қирап, кемінде 15 адам қаза болып, бірнеше кісі жарақат алды. Феникс мақта-мата фабрикасының ішінде ол кезде 150 жұмысшы болғаны айтылуда. Құтқарушылар көп адамның әлі де үйінді астында қалғанын айтып жатыр. Фабриканың неден құлағаны белгісіз. Бейсенбі күні Бангладештегі тағы бір фабрикада өрт шығып, 54 адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG