Accessibility links

Франциядағы үй құстары H5N1 вирусынан қырылып жатыр


Париж. Бүгін Франция құс тұмауының H5N1 белгісі үй құстарында табылған Еуропа Одағындағы алғашқы ел болып отыр. Францияның ауылшаруашылық министрі елдің шығысындағы фермада құс тұмауының вирусы шыққанын мәлімдеп, 400-дей үйрек осы дерттен өлгенін айтты. Кеше бұл жерде 11 мың үйректің көзін жойған болатын. Осыған дейін Еуропалық елдерде құс тұмауы жабайы және көшпелі құстар арасында ғана табылған еді. Францияның бұл мәлімдемесі кеше Венада Еуропа Одағының денсаулық сақтау министрлері бұл дерттің қаупі туралы қоғамды хабардар ету жөніндегі келісімге келгеннен кейін болып отыр. Еуро Одақтың денсаулық сақтау комиссары Маркос Киприаноу: “Біз реалист болуымыз керек. Қазір барлық жерге жабайы құстар арқылы бұл вирус тарап жатыр. Бұл алда да біраз болатын проблема. Және біз бәріміз еуропалық қоғамда қандай да бір алаңдаушылық тудырмай дүрбелеңсіз бұл мәселемен бірге болуымыз керек”деген. Еуропада құс тұмауының адамға жұққан оқиғасы әлі тіркелген жоқ. Ал, бүгін Индонезияда құс тұмауынан 20-сыншы адам көз жұмғаны туралы хабарланды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG