Accessibility links

Ирақтың саяси және діни жетекшілері елдегі фанатик, діни қақтығыстарды тоқтату мақсатында өзара кеңес-жиындарын өткізді


Самаррадағы қасиетті мешітте болған бомбы жарылысынан кейін Ирақта діни секталық қақтығыстар жиілеп кеткен болатын. Бағдадтағы үйінде елдің бас министрі Джафари президент Талабани және бірқатар шиит, сүннит қауымдары жетекшілерімен кездесті. Ол басқосуға АҚШ, Британия елшілері де келді. Ирақтың қорғаныс министрі Ал-Дулайми егер сүнниттер мен шииттер арасында секталық діни жанжал тоқтамаса, онда ол азаматтық соғысқа жалғасып кетуі мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG