Accessibility links

Иран мен Ресей өкілдері Мәскеу ұсынысына қатысты келіссөз өткізуде


ТЕҺРАН. Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Ғолам-Реза Агазадеһ Ресей мен Иран Мәскеудің ұсынысы бойынша негізгі келісімге келді деп мәлімдеді. Ресей Иран уранын өз жерінде байыту туралы ұсыныс жасаған болатын. Бүгін Иранның Бушехр қаласында Ресейдің Атом энергиясы бойынша “Росатом” агенттігінің басшысы Сергей Кириенко Теһранның ресми өкілдерімен кездесті. Екі жақты келіссөздер енді Мәскеуде жалғасатын болды. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG