Accessibility links

Ауғанстанда қамаудағылар күзетшілерді күшпен шығарып, түрменің бір бөлігін өз бақылауына алды


КАБУЛ. Қамаудағы 100-ге жуық адам Кабулдың шетінде орналасқан түрменің бір бөлігін өз бақылауына алып отыр. Бұл абақтыда “Әл-Қаида” мен “Талибан” қозғалысының мүшелері де бар. Ауғанстан түрмелерінің басшысы Абдул Салаам Бакшинің хабарлауынша, Пули-Чарки түрмесіндегі адамдар күзетшілерді күшпен шығарып жіберген. Билік орындарының айтуынша, бұл қақтығыс түрмедегілерге жаңа киім таратылып жатқанда басталған. Қамаудағылардың көбі ол форманы киюден бас тартқан. Қақтығыс барысында 4 адам жарақат алған, олардың арасында күзетшілер жоқ. Полиция қызметкерлері мен әскерлер түрмені қоршап алды.
XS
SM
MD
LG