Accessibility links

Иран мен Ресей арасындағы келіссөз таяу күндері Мәскеуде жалғасуға тиіс


МӘСКЕУ. Ресей Иранмен арадағы оның ядролық бағдарламасы бойынша Теһранда өткен 3 күндік келіссөзінің нәтижесін кішірейтіп көрсетуге тырысты. Теһрандағы келіссөзінен кейін Мәскеуге оралған бойда Ресейдің атом энергиясы бойынша федералдық агенттігінің басшысы С.Кириенко: “Әлі көп жұмыс атқару керек.Біз келіссөзді таяу күндері Мәскеуде жалғастыруға келістік. Келіссөз оңай емес. Бірақ, бұл мәселенің дипломатиялық шешімін табуға мүмкіндіктің барлығын тағы да айтамын”, деп мәлімдеді. Кеше тараптар өзара Иранның атом электр стансасына қажетті уранды Ресей жеріндегі бірлескен кәсіпорында байыту туралы уағдаласқандарын мәлімдеді. Алайда Иран уранды байыту ізденісінен толық бас тартты ма, жоқ па, ол әлі белгісіз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG