Accessibility links

Саудияның мұнай өңдеу кешеніне шабуыл жасаған 5 экстремистің көзі жойылды


ӘР-РИЯД. Сауд Арабиясының астанасы - Әр-Риядта қауіпсіздік күштерінің іс-қимылы нәтижесінде кем дегенде қарулы 5 экстремистің көзі жойылды. Ресми биліктің мәліметі бойынша, экстремистер “Әл-Қаида” ұйымымен тығыз байланыста болған және, өткен жұма күні Саудияның мұнай өңдеу кешеніне шабуыл ұйымдастырған топқа жатуы да мүмкін. “Әл-Арабиа” телеарнасының хабарлауынша, екі жақтың қақтығысы полиция әлгі шабуылға қатысы бар деген күдіктілерді ұстамақ болған кезде шыққан. Қарулы топ Әр-Риядтың шетіндегі бір зәулім үйді паналап, қауіпсіздік күші оған баса-көктеп кірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG