Accessibility links

Иранның Дезфул және Абадан қалаларының әкімдері отырған кеңселерде бомба жарылды


ТЕҺРАН. Иранның ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, бүгін Иранның оңтүстігіндегі 2 қаласы Дезфул және Абаданда шағын 2 бомба жарылып, 4 кісі жараланды. Бомбалар қала әкімдерінің кеңселеріне қойылған көрінеді. Дезфул мен Абадан қалалары - өткен жылы Иран үкіметі мен жергілікті азын-аулақ араб қауымдастығы қақтығысқан мұнайға бай Хузистан өлкесінде орналасқан. Осы өлкенің әкімшілік орталығы – арабтар басым тұратын Ахфаз қаласын соңғы бірнеше айда талай жарылыс дүр сілкіндірді. Ресми Теһран жергілікті халық толқуын көрші Ирақта шоғырланған британ армиясы қоздырып отыр деп айыптады. Ресми Лондон оны мойындамайды.
XS
SM
MD
LG