Accessibility links

Пули-Чухри түрмесіндегі бүлікшілермен келіссөз өтіп жатыр


КАБУЛ. Ауғанстан полициясы мен армия бөлімдері Кабул түбіндегі тұтқындар бүлік шығарған түрмені қоршап тұр. Ауған қорғаныс министрлігі өкілінің бүгін хабарлағанындай, қазір бүлікшілермен арада келіссөз жалғасуда. Оған әділет министрлігі мен Бас прокуратураның, БҰҰ-ы мен Ауғанстанның адам құқын қорғайтын ұйымының өкілдері қатысуда. Сенбі күні бүлікшілер түрменің 1 мыңға тарта адам отырған қапасының бірін басып алды. Олар түрменің тәртібін өзгертуді талап ету үстінде. Бүлікті Талибан қозғалысының бұрынғы қолбасылары ұйымдастырған тәрізді. Олармен кеше өткізілген келіссөз нәтиже бермеді. Бір дерек бойынша, бүлікшілер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отыр. Бүлік кезінде 7 кісі қаза болды деген де хабар бар, бірақ ол әзірше расталған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG