Accessibility links

Мамандар “құс тұмауының” Африка елдерінде кең жайылуына неге алаңдайды?


ПАРИЖ. “Құс тұмауының” адамға аса қауіпті H5N1 вирусы Батыс Африкадағы Нигер елінде аңғарылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Бернард Воллаттың атап көрсетуінше, “құс тұмауы” Нигерге осы жылдың басында оның вирусы табылған Нигериядан келіп жетсе керек. Нигердің ресми өкілдері “құс тұмауынан” қанша құстың қырылғанын және оның тағы басқа да жай-жапсарын хабарламай отыр. Нигер – “құс тұмауының” вирусы жеткен Мысыр мен Нигериядан кейінгі үшінші Африка елі. Мамандар H5N1 вирусының денсаулық сақтау инфрақұрылымы нашар дамыған Африка елдерінде кең жайылуына әсіресе қатты алаңдайды.
XS
SM
MD
LG