Accessibility links

Егер Палестина қаржы тапшылығына ұрынса, онда елде қантөгіс қайта өршуі мүмкін


ИЕРУСАЛИМ. Дүниежүзілік банктің бұрынғы басшысы Джеймс Вульфенсон бір аптаның ішінде Палестина автономиясы қаржы дағдарысына душар болады деп ескертеді. Оның атап көрсетуінше, Израильдің млн.-даған долларды құрайтын кеден салығын аударудан бас тартуы салдарынан Палестинада қаржы тапшылығы сыр бере бастады. Мұндай қаржы дағдарысы, деп ескертеді Дж.Вульфенсон, Палестинаны жаппай тәртіпсіздік пен қантөгіске жетелеуі мүмкін. Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер “квартет” – АҚШ пен Еуроодаққа және Ресей мен БҰҰ-ына жолдаған хатында Дж.Вульфенсон осылай деп ескертеді. Ал дәл осы кезде Еуроодақ Палестинаға 120 млн. еуро қаржылай көмегін бөлетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG