Accessibility links

Иран уранды байыту жоспарынан толық бас тарта ма, жоқ па - әлі белгісіз


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров ресми Теһранды атом электр стансасына қажетті уранды өз жерінде байытпауға шақырды. Кеше Ресей мен Иранның ресми өкілдері Теһрандағы келіссөзінің нәтижесінде Иранның атом электр стансасына қажетті уранды Ресей жеріндегі бірлескен кәсіпорында байыту туралы өзара уағдаласқандарын мәлімдеген болатын. Теһрандағы келіссөзінен кейін Мәскеуге оралған бойда бүгін Ресейдің атом энергиясы бойынша федералдық агенттігінің басшысы С.Кириенко: “Әлі көп жұмыс атқару керек. Біз келіссөзді таяу күндері Мәскеуде жалғастыруға келістік. ...Бірақ, бұл мәселенің дипломатиялық шешімін табуға мүмкіндіктің барлығын тағы да айтамын”, деп мәлімдеді. Алайда Иран уранды байыту ізденісінен толық бас тартты ма, жоқ па, ол әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG