Accessibility links

Бағдаттың сүнниттер мен шиитер тұратын аудандарында күш қолданулар одан әрі жалғасуда


Оның себебі ел өкіметі бұл қалаға енгізілген күндізгі коменданттық сағатты алып тастаған болатын. Түнгі мезгілде тұтас ел бойынша коменданттық сағат тәртібі сақталуда. Бағдаттың шығысындағы сүнниттер мешітіне жақын жерде мотоциклде жарылғыш зат іске қосылған екен. Оның кесірінен кем дегенде 3 адам қаза болып, 11-і жараланған. Ал, шиитердің Шола ауданында миномет оғынан төрт адам қаза болып, 13-і жараланған. Ирақ Қорғаныс министрлігінің айтуынша, қауіпсіздік күштері 35 “лаңкесті” өлтіріп, күдікке ілінген 487 адамды қамауға алған.
XS
SM
MD
LG