Accessibility links

АҚШ президенті өзінің Үндістан, Пәкістан сапары кезінде қандай мәселеге ерекше назар аудармақ?


Үндістан мен Пәкістандағы 5 күндік сапарында екі ел ресмилерімен президент Буш бірқатар аса маңызды мәселелерді талқыламақ. Олардың арасында АҚШ пен Пәкістан байланыстары, Үндістанмен өзара ядролық мәселе, тағы да өзге жағдайлар қарастырылмақ. Әсіресе Буш Үндістандағы әскери және азаматтық ядролық бағдарламаның ара-жігін анықтап, атом қуатынан пайдалану бойынша екі ел арасындағы келісімге Конгресстің мақұлдауын алуды мақсат етіп отыр. Вашингтонның талабы бойынша, Үндістан өзіндегі басым көпшілік ядролық зауыттарды азаматтық өндіріс орындары деп жариялауы тиіс.

Ол ядролық зауыттар азаматтық орын деп жарияланса онда ол араға халықаралық бақылаушылар, ұйымдар еркін келіп оның жұмысымен таныса алатын болады, ядролық қаруы бар елдерлемен өзара кеңесе қызмет етүі мүмкін екен.

Үндістан болса азаматтық және әскері бағдараламасын өзара бөлмей біртұтас жоба ретінде қалдырып халықаралық топтарды ол арадан жырақтау ұстамақ. Дегенмен, ақпанның 24-інде президент Буштың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Хадли АҚШ пен Үндістан бұл мәселеде өзара мәмілеге келер деген үміт айтты.

– АҚШ президентінің бұл сапарын дұрыс пайдаланып, Үндістан азаматтық және әскери бағдарламаны екіге бөлу туралы келісімге қол жеткізгені жөн болар еді. Біздіңше Үндістанға да, АҚШқа да қолайлы келісімге қол қойып, Конгресстің және ядролық қамтамасыз етү тобының ойынан шыға алсақ, онда, біздің мақсатымыз орындалған болары еді, - дейді Стефан Хадли.

Бірақ, қазірдің өзінде бірқатар конгрессмендер бұл келісімнен нәтиже аз деген күдігін айтып отыр. Ядролық қаруы бар Үндістанның ол бағдарламасын тексерүге қазірдің өзінде мүмкіндік бар. Бірақ одан не өзгеріс бола қояр, дейді олар.

Негізгі бір мәселе көпке жалғасып келе жатқан Үндістан-Пәкістан арасындағы Кәшмир аумағы мәселесі әрине. Ақпанның 26-сы күні Пәкістан телеарналарында берген сұхбатында президент Буш Кашмир мәселесінде ол екі ел арасындағы келіссөздерден бірер игі нәтиже шығарына үміт бар дегенді айтқан.

- Мен Пәкістан президенті және Үндістан бас министрімен сөйлескенде, ол екеудің арасында біршама көзқарас алшақтығын байқадым. Міне сондықтан, бұл сапар кезінде ол басшылықты Кәшмир мәселесін ойдағыдай шешүге мәжбүрлеүге әрекеттенемін, - деген АҚШ президенті.

Вашингтондағы Брукиңс институтынан Стефан Коеннің айтуынша, Кашмир жанжалын шешу оңайға түсе қоймас. Коеннің айтуынша, Пәкістан бұл мәселеде АҚШ-тың арағайындығын қаласа, Үндістан халықаралық делдалшылықтың қажеті жоқ деген пікірде екен.

- Үндістан Кашмир мәселесін Пәкістанмен емес, Кашмир халқының өзімен кеңесіп шешпек, - дейді сарапшы.

Дегенмен, Коеннің пікірінше, президент Буштың қолынан келетін бір нәрсе – Пәкістан мен Үндістан арасындағы жүйелі келіссөздерді қолдауы болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG