Accessibility links

Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны дамытуға құқы бар деп мәлімдеген


Токио. Иранның сыртқы істер министрі Жапониядағы сапары кезінде, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық технологияны дамытуға құқы бар және Иран ядпролық қару жасауды қарастырып жатқан жоқ деген. Жапонияның премьер министрі Дзюнитиро Койзумимен кездесуінде, Манучир Моттаки Жапон елін Иранның ядролық бағдарламасына қатысуға шақырған. Наурыздың 1-де, Мәскеуде ирандық делегация Ресейдің Иран үшін уран байытуды Ресей жерінде жүзеге асыру ұсынысын талқылайды. Халықаралық қауымдастық Иран ядролық қару бағдарламасын тоқтатсын деп келеді. Уашингтоннан Ақ үй өкілі Адам Ерели, бұл тұрғыда былай деген:

“Біз әрқашан Ресейдің ұсынысын еуропалық елдердің дипломатиялық әрекеттері негізінде қолдап келеміз. Бірақ ол нені білдіреді? Уран байыту жұмысын тоқтату мен Иранның ядролық қару үшін қажетті өнімдерді өз жерінде өндірмейтініне обьективті кепілдік бола ала ма? Әзірге Иранның жасап жатқан қадамдары керісінше әрекеттерді байқатып жатыр”.
XS
SM
MD
LG