Accessibility links

Приднестровье жайындағы келіссөздер сәтсіз аяқталды


Молдованың сепаратистік Приднестровье аймағы жайында өткізілген тың келіссөздер сәтсіз аяқталды. Келіссөздер Приднестровьеның бас қаласы Тираспольде өтті. Приднестровье аймағында еркін қатынас жасау жайында, еркін тауар тасымалы жайында келісім табылмады. Бұл жайында Молдова қайта бірігу министрі Василий Сова мәлім қылды. Келіссөздерге қамқорлық жасап отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы келіссөздердің тұйыққа тірелгеніне өкініш білдірді. Орыс халқы көп Приднестровье аймағы Молдовадан іс жүзінде 1990 жылы бөлініп шыққан. Екі тарап арасында 1992 жылы соғыс болды.
XS
SM
MD
LG