Accessibility links

Сотталған Молдова министрі ауруханаға түсіп қалды


Молдовада түрмеде жатқан бұрынғы қорғаныс министрі Валерий Пасат ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы оның адвокаты жариялады. Адвокаттың айтуынша, бұрынғы министр бірнеше аштық ереуілін өткізіп, денсаулығына зақым келтіріп алды. Валерий Пасат Америка Құрама Штаттарына 21 қырғи ұшақты өте арзан бағамен сатқызды деп табылып, қаңтар айында он жылға отырғызылған болатын. АҚШ елшілігі жабық есік жағдайында өткен сотты сынаған болатын. Прокуратура Валерий Пасат ел президенті Владимир Воронинды биліктен қууды ойластырып жүрді деп жақында тағы бірнеше айып тақты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG