Accessibility links

Әлем әйелдері Парламент төрінен көбірек орын ала бастады


Парламенттегі әйел жынысты депутаттардың саны жағынан Қырғызстан мен Сауд Араб елі әлем елдері арасында ерекше орында тұр. Аталған екі мемлекеттің Жоғарғы заң шығару орындарында қазіргі кезде бір де бір қыз-келіншек жоқ.

Ал Сауд Араб елінде әйел-қыздар заң бойынша парламенттік сайлауға қатыса алмайды. Парламентаралық одақтың бас хатшысы Андерс Джонсонның айтуынша, Қырғызстан қос палаталы парламенттен бір палаты заң орнына өткен кезде аз санды әйел депутаттардың өзінен де көз жазып қалды.

- Қос палаталық парламент кезінде Қырғызстанда әйел-қыздар бар болатын. Бірақ, кейінірек бір палаталы парламент дүниеге келді. Сол арада бұрынғы қос палатадан саны аздау бір палаталы парламенттен орын тимегендер шығып кете бастады. Ал олардың бәрі әйел-қыздар еді, - дейді Андерс Джонсон.

Мұндай жағдайға қарамастан, Нью-Йорктан тұрып Джонсонның айтуынша, әйел-қыздардың саяси саладағы белсенділігі барған сайын артып келе жатқандай.

– Бір игі жаңалық, біздің есебімізге қарағанда, әйел-қыздар парламенттік және саяси өмірге жиі араласа бастаған. Өткен жылдың соңына қарай парламенттегі әйелдер саны 16,3 пайыз болған. Сонымен, бұрынғы жылға қарағанда олардың саны бір пайызға көбейіп, рекордтық деңгейге жеткен, - дейді Андерс Джонсон.

Ал 2000-жылы Парламент құрамындағы әйелдер саны 1 пайыз ғана болған. Парламентаралық одақ дерегіне қарағанда, Албания, Эстония, Грузия, Грекия, Мажарстан және Латвиядағы парламент жетекшілері қыз-келіншектер екен. Сондай төрайымдарының бірі, Латвия парламентінің жетекшісі Ингрида Удре ханым Нью-Йорктан тұрып тілшімізге былай деген:

- Меніңше, Латвия парламентіндегі депутаттардың шамамен 16 пайызы - орыс ұлтының өкілдері. Ал орыс тілді шағын ұлттарға келсек, поляктар, беларустар, украиндер, сондай-ақ, эстондар, еурейлер немесе өзге шағын ұлттардан да әйел депутаттар баршылық.

Ал 30 пайыздай әйел депутаты бар парламенттер саны соңғы он жылдықта төрт есеге дейін көбейген. Ондай мемлекеттер 1995 жылы бесеу болса, 2006-жылға қарай 20-ға жеткен. Әйелдердің 30 пайыздық белестен асуы парламенттегі үдеріске олардың айтарлықтай әсер-ықпал жасай алатындығының куәсі. Соңғы деректерге қарағанда, Руанда Парламентінде бүкіл әлемдегі ең көп санды әйел депутаттар отыр. Олар 80 орынның 39-ына иеленіп, 50 пайызды құрап, 1-орынға ие. Ал бұрынғы советтік аймақтан Беларусь парламентінде төменгі палатадағы 110 депутаттың 32-сі әйел-қыздар, яғни 29 пайыз деген сөз.

23-ші орындағы Ауғанстанда парламенттегі 249 орынның 23-і келіншектерге тиесілі. Бұл 27 пайыз деген сөз. Ирақтағы 275 депутаттың 70-сі - әйелдер. Яғни, Ирақ 25,5 пайызбен 26-шы орында тұр.
XS
SM
MD
LG