Accessibility links

Беларусь режимі бір үміткерді соққыға жығып, екіншісінің кездесу өткізуіне рұқсат бермеді


МИНСК: Беларуссияда осы айда өтетін президент сайлауына оппозициядан түсетін үміткер Александр Казулинді бүгін Минскіде президент А.Лукашенконың төрағалығымен теміржолылар сарайында өтіп жатқан бүкіл халықтық жиналысқа кірмек болған кезінде қауіпсіздік қызметі соққыға жығып, ұстады. А.Казулиннің өкілі хабарлағандай, қазір ол Минск полициясының кеңсесінде отыр. Беларусь оппозициясының ең басты үміткері Алексадр Милинкевич бүгін Минскіде сайлаушылармен кездеспекші: “Егер ресми билік бізге сайлаушыларымызбен кездесуге мұрша бермей күш қолданатын болса, онда біз қарсы шара қолданудан тайынбаймыз”, деп ескертті. Орталық сайлау комиссисының басшысы (Л.Ермашина) бұл кездесуді “арандатушылық” деп бағалап, қауіпсіздік қызметінің күш қолдануға құқылы екенін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG