Accessibility links

Дж.Буш: “...біз Үндістанмен арада “тарихи келісімге” қол жеткіздік”


ДЕЛИ: АҚШ пен Үндістан атом энергетикасы саласында ынтымақтасу туралы келісімге қол жеткізді. Делиде өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Дж.Буш оны “тарихи келісім” деп бағалады. Келісімге сәйкес, Үндістан АҚШ-тың атом энергиясы саласындағы технологияларын алуға мүмкіндік алады және Дели өзінің атом энергетикасын қарулы күштерінің ядролық қару бағдарламасымен байланыстырмай, халықаралық қауымдастықтың бақылауымен жүзеге асырады. Бұл келісім Үндістанның ядролық қаруды тараптау туралы Шартқа қол қоймаюына байланысты дау туғызады. Үндістан Пәкістанмен бәсекелесіп ядролық қаруға ие болды.
XS
SM
MD
LG