Accessibility links

Шийттер мен сүнниттердің жікшілдік қақтығыстарынан жүздеген адам қаза болды


БАҒДАД: Бүгін Бағдадтың шийттер басым тұратын Садр-сити ауданында болған жарылыстан 5 кісі қаза болып, 8 адам жараланды. Жарылыс автобустың ішінде болған көрінеді. Жарылғыш қала базарларының бірінде іске қосылды. Соңғы күндері Бағдадта түрлі жарылыстан және шийтер мен сүнниттердің жікшілдік қақтығыстарынан 100-деген адам құрбан болды. Бүгін түнде Тикрит қаласының түбінде күзет бекетіне шабуыл ұйымдастырылып, 9 Ирақ жауынгері мен полиция қызметкері оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG