Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Еуроодақпен жаңа келіссөз өткізбекші


МӘСКЕУ: Иранның жоғары лауазымды ресми өкілі Мәскеудің ұсынысы бойынша Ресеймен арадағы келіссөзге бөгет қойғысы келеді деп АҚШ-ты айыптады. Атап айтқанда, Мәскеудегі келіссөзге Иран делегациясын бастап келген Әли Лариджани Теһранға жаза қолдану мақсатында оның “ядролық ісін” БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесіне беруге ұмтылған Вашингтон Мәскеумен келісімге келуге мүмкіндік бермейді деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, “Иран мәселесі” бойынша МАГАТЭ агенттігінің мәжілісі өтетін 6-ншы наурызға дейін Еуроодақ өкілдерімен жаңа келіссөз өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG