Accessibility links

АҚШ Үндістанның атом өнеркәсібі энергия көзіне деген ғаламдық тапшылықты жеңілдетпекші


ДЕЛИ: Бүгін Үндістан мен АҚШ бейбіт мақсаттағы ядролық технология саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді. Оған сәйкес, АҚШ Үндістанды оның бейбіт ниеттегі атом энергетикасын жаңа технологиямен қамтамасыз етеді. Алайда бұл келісімді әлі АҚШ Конгресі мақұлдауға тиіс. Президент Дж.Буш бұл уағдаластық энергия көзіне деген ғаламдық тапшылықты жеңілдетеді деп атап көрсетті.

“Ядролық энергетика, әрине, алаңдатады. Сондықтан да ол біздің келіссөзіміздің бөлігі болды және, менің Конгресс алдында уәж айта алатындай, үнді үкіметі оны адал ниетке пайдалануға уәде берді. Басқа мәселе: Үндістанның бейбіт ниеттегі ядролық өнеркәсіпке ие болып, ғаламдық тапшылықты жеңілдеткені – біздің экономикалық мүддемізге лайық екенін Конгресс түсінуге тиіс”, – деп мәлімдеді Буш.
XS
SM
MD
LG