Accessibility links

Рим Папасына қарсы 1981-інші жылғы қастандықты кім ұйымдастырды?


РИМ: Батыс агенттіктерінің хабарлауынша, Италия парламентінің арнайы жасақталған комиссиясы “1981-інші Рим Папасы ІІ-нші Иоанн Павелге қарсы жасалған қастандықты Совет Одағының басшылығы ұйымдастырды” деген тұжырымға келді. “Рейтер” агенттігі аталған комиссияның осы наурыз айында парламентке жолданатын қорытындысынан үзінді келтіреді. Онда Совет Одағы басшылығының ІІ-нші Иоанн Павелдің көзін жоюды жоспарлап, оны барлау қызметіне жүктегеніне комиссия мүшелерінің ешқандай күмәні қалмағаны айтылады. Рим Папасына 1981-інші жылдың 13-інші мамырында Түркия азаматы Мехмет Әли Ағджи қастандық жасап, ІІ-нші Иоанн Павел жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG