Accessibility links

Иран мен Еуроодақ жағынан Германия, Англия және Германияның өкілдері Венада кездеседі


МӘСКЕУ: Бүгін Англия мен Германия және Франция Иранмен арада жаңа келіссөзге отыруға келісті. Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мәселесін МАГАТЭ агенттігі 6-ншы наурызда өтетін мәжілісінде талдайтын болады. Мәскеуде Ресей өкілдерімен келіссөз өткізген Иран делегациясының басшысы Әли Лариджани Еуроодақтың осы үш елі өкілдерімен ертең Венада кездесуге тиіс. Бүгін Ә.Лариджани егер Иранның “ядролық мәселесі” Қауіпсіздік Кеңесіне берілетін болса, Иранға қажетті уран отынын өз жерінде байыту туралы Ресейдің ұсынысы мәнісін жоғалтады деп атап көрсетті. Ал Ресей мен Иранның Мәскеуде өткен келіссөзінің бүгінгі - соңғы сатысы да онша көп нәтиже бермей аяқталды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG