Accessibility links

Буш бүгін кешке Пәкістанға ресми сапармен келу керек


Пәкістанның Карачи қаласында АҚШ консулдығының жанында кеше бомбалық шабуыл жасады. Жанкешті шабуылшының бомбасы мәшинесінде қойылған екен. Шабуыл салдарынан бір америкалық дипломат және кемінде тағы үш адам қаза тапты. Жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бүгін кешке Пәкістанға АҚШ президенті Джордж Буш келу керек. Кеше ол Үндістанда жүріп Пәкістан сапарым өте маңызды, террористер мен адам өлтірушілер жолыма бөгет жасай алмайды деп мәлімдеді. Буш Пәкістан сапарында президент Перуез Мұшарафпен кездесіп, терроризмге қарсы соғыс мәселелерін талқыламақ.
XS
SM
MD
LG