Accessibility links

Беларус оппозициясы рұқсат етілмеген митинг өткізді


Беларус оппозициясы Минске үлкен митинг өткізіп, президент сайлауы науқаны еркін және әділ өтсін деп талап қойды. Беларус елінде 19 наурыз күні президенттік сайлау өтеді. Дауыс беру күні жақындаған сайын үкімет пен оппозицияның текетіресі күшейіп келеді. Митингке шамамен үш мың адам жиналды. Президенттікке оппозициядан ұсынылған бірігей кандидат Александр Миленкевич елімізде бостандық, әділет пен шындық күні туайын деп тұр деп мәлімдеді. Беларус үкіметі оппозиция жиынын араңдату деп алдын ала қабылдаған, жиынды өткізуге әкімшілік рұқсат бермеді. Беларус президенті А. Лукашенко батыс демократиялық ұйымдары Беларус елінің ішкі шаруасына қол сұқпасын деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG