Accessibility links

Палестиналық Хамас тобы Ресейлік ресмилермен келіссөздер жүргізу мақсатында Мәскеуге келді


Ол топты Хамастың саяси жетекшісі Халид Мишал бастап келді. Мишалдың айтуынша, Израилдің Палестин жерін басып алуы Таяу шығыс бейбітшілік үдерісіне кедергі болып отыр.

- Бұл орайда біз Ресейдің көзқарасымен жақыннан танысып, өз ойымызды тиянақтаймыз. Палестин халқында мәселе жоқ, әңгіме өзге елдің жерін басып алуда болып тұр. Біз аймақтық бейбітшілікті қалаймыз, бірақ ол басып алған жерді қайтып алмай және палестиналықтардың құқын қайта тіктемей тұрып тілек іске аспайды, - деді Хамастық ресми топтың жетекшісі.

Қаңтардағы парламенттік сайлауда Хамас тобы жеңіске жеткеннен кейін оларды Ресей басшылығы Мәскеуге ресми сапармен шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG