Accessibility links

Германия мен Франция сыртқы істер министрлерінің айтуынша, Ирандық өкілдермен Еуропалық үштік жүргізген келіссөздерден еш нәтиже болмаған


Бұл келіссөздерден кейін ЕуроОдақ сыртқы саясат және қауіпсіздік жетекшісі Хавиер Солана тілшілерге:

- Өкінішке орай, біз бүгін келісімге қол жеткізе алмадық. Біздің ойымыз бірер мәмілеге келу болатын. Бірақ ол болмады. Дегенмен, кездесудегі атмосфера, көңіл-күй өте жақсы болды. Бірақ, түбінде келісім болмады, - деді.

Ирандағы ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздер енді наурыздың 6-сында Халықаралық атом агенттігінің қатысуымен одан әрі жалғасады. Сондай-ақ, Иран және Ресейлік өкілдердің Мәскеудегі екі күндік кездесуінен де еш игі нәтиже шықпады. Мәскеу Иран уранын Ресейде байытуды ұсынып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG