Accessibility links

Буш Азия сапарын Пәкістанда жалғастырып жатыр


АҚШ президенті Джордж Буш Азия сапарын бүгін Пәкістан астанасы Исламабадта жалғастырып жатыр. Мұның алдында ол үш күн Үндістан мен Ауғанстанда болды. Нью-Дели қаласында сөйлеген сөзінде Буш әлемде еркіндік орнату мақсатында демократиялық елдерді серіктестікке шақырды. Буш жер бетінде америкалықтар мен үндістандықтарға қарағанда көптеген ел демократияға қол жеткізе алмай жатыр, демократиялық болашақты таңдайтын елдердің реформаторлары мен диссиденттеріне көмектесуге міндеттіміз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG