Accessibility links

"Хамас" Израиль Палестинадан кетсін деп тағы шарт қойды


"Хамас" ұйымының басшысы Халид Мишәл кеше Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Израильге қатысты қатаң ұстанымын қайталады. Израиль алдымен бірнеше шартымызды орындасын, Израильды сосын ғана мойындаймыз деді ол Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен соң. Халид Мишәл Израиль 1967 жылы басып алынған Палестина аймақтарынан кетсін, Палестина босқындарына оралуға рұқсат берсін, қоныстану саясатын тоқтатсын, шектеу дуалын құлатсын, барлық тұтқындарды босатсын деген шарттарды тағы жариялады. "Хамас" басшылары бүгін Ресей парламенті депутаттарымен кездеседі деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG