Accessibility links

Терроршылыққа қарсы күресте АҚШ-пен бір одақта болғаны үшін Пәкістан президенті Первез Мушаррафты Дж.Буш мақтады


Мушаррафпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде, Дж.Буш, лаңкестікпен күресте екі ел өзара стратегиялық әріптес бола білді, бірақ әл-Қайда ұйымымен күресте барлау деректерімен өзара бірігіп пайдалану керек деді.

- Әл-Қайдаға қарсы күресте көп жұмыс жасалды. Мұны президент Мушарраф та, мен де жақсы білемін. Сондай-ақ, бүгінгі әңгімеде болашақ істер жөнінде де жақсы ойлар айтылды, - деді АҚШ президенті.

Первез Мушарраф өз кезегінде, терроршылықпен күресте Пәкістан АҚШ бастаған соғыста қолдау көрсете береді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG