Accessibility links

Назарет қаласында наразылық шеруі тағы жалғасты


Израильдың Назарет қаласында жергілікті араб азаматтары кеше үлкен шеру өткізді, демонстрацияға мыңдаған адам қатысты. Бұған түрткі болған жағдай – жұма күні үш Израиль азаматы жергілікті қасиетті христиан шіркеуінде петарда ойыншықтарын жарып, жұрт наразылығын қоздырып алды. Бұдан соң бұрқ ете түскен қақтығыстарда бірнеше полиция қызметкері мен қатардағы азаматтар жараланды, полиция және жеңіл жәрдемнің бірнеше көліктері өртелді. Полиция шіркеуде болған жағдайдың себебі саяси емес, жеке бас себептері болды деп сипаттап отыр.
XS
SM
MD
LG