Accessibility links

Иран уран байытуды тоқтатпаймыз деп мәлімдеді


Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бас өкілі Әли Лариджани Тегеранда журналистермен кездесіп, уран байыту жұмысымызды тоқтатпаймыз, бұл ядролық энергетиканы дамыту бағдарламамызға сай деп мәлімдеді. Әли Лариджани мен Еуропа Одағының өкілдері жұма күні Вена қаласында өткізген келіссөз олжасыз аяқталған. "Иран ядролық бағдарламасы халықаралық заңға сәйкес жүріп жатыр, бағдарламаны тоқтатыңдар деген ешқандай талапты қабылдамаймыз деп Еуропа Одағының өкілдеріне айттым" - деді Әли Лариджани. Иран уранын байытып берейік деген Ресей ұсынысына келгенде Әли Лариджани мұндай жұмысты Иран сыртында уақытша атқаруға болады деп тұнғыш рет осындай ниет танытты.
XS
SM
MD
LG