Accessibility links

Пәкістанда 46 исламшыл жауынгер өлтірілді


Пәкістанның Солтүстік Уәзірстан провинциясында үкімет әскері кеше талибаншыл ислам жауынгерлерімен шайқасты. Ресми мәліметке қарағанда, исламшылдар алдымен Мираншах қаласында бір әкімшілік үйін басып алып, басқаларына шабуыл жасаған. Шайқас алаңы жақын маңдағы Мир Әли қаласына шейін созылды. Исламшылдар тарапынан 46 адам өлтірілді, үш Пәкістан сарбазы қаза тапты. Ауғанстан шекарасында жергілікті рубасылары бақылап отырған аймақтарда Талибан әскерінен қалған жауынгерлер 2001 жылдан бері бекініп жүргені аян.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG