Accessibility links

Үстіміздегі жылы Қытай экономикасы қалыпты жағдайда дамитын болады


Бұл жөнінде Қытай өкімет басшысы Вен Жиабао жылдық Парламент сессиясында бүгін сөйлеген сөзінде айтты. Өткен жылғы 10 пайыздық дамумен салыстырғанда ел бойынша экономикалық даму 2006-2010 жылдарда 7,5 пайыз деңгейінде болмақшы. Оның себебі, кедейлене түскен ауыл өміріне 14 пайыздан да көп инвестиция енгізілмекші. Ол 42 миллион доллар қаржы ауылдық жердегі білім беру және денсаулық сақтау салаларына биыл жұмсалмақшы. Қытай өкімет басшысы Жиабао мырза бұл жөнінде:

“Біз өзіміздің үлкен күшімізді инвестицияның бағытын бақылауға, яғни ауылдық жердегі рухани салалар мен инфрақұрылымдарды жақсартуға елдің назарын бұруға жұмсауымыз керек”,- деді.

Наурыздың 14-де аяқталатын 10 күндік сесиясының соңына қарай Парламент бұл бюджетті мақұлдамақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG