Accessibility links

Еуроодақ Конгодағы тұңғыш еркін сайлауды қорғауға қанша әскер жіберуді білмейді


ИНСБРУК. Бүгін Еуроодақтың қорғаныс министрлері Аустрияның Инсбрук қаласында жиналып, Демократиялық Конго республикасындағы сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Еуроодақ күштерін жіберу жоспарын талдауға тиіс. Хабарға қарағанда, Конгодағы соңғы 40 жылдан көп уақыттан бергі тұңғыш еркін сайлауды қорғауға Еуроодаққа мүше 25 елден қанша әскер мен қандай күштің баратыны әлі белгісіз. Ол мәселе маусым айында дауысқа салынбақшы. Конгодағы сайлауға Еуроодақтың миссиясын жіберуді БҰҰ-ы талап етті. Қорғаныс министрлерінің 2 күндік бас қосуы барысында Еуроодаққа көмек ретінде АҚШ-тың әскери жабдық саласындағы алдыңғы қатарлы технологиясын тартуға қажетті Еуроодақтың ортақ бюджетін жасақтау мәселесі де талқылануға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG