Accessibility links

Ең үздік әйел рөлі үшін “Оскар” сыйлығын ағылшын әртісі Р.Уисз алды


ЛОС-АНЖЕЛЕС. Бүгін түнде Лос-Анжелес қаласында Америка Киноакадемиясының жыл сайынғы “Оскар” сыйлығын 78-інші рет тапсыру салтанатында ағылшын әртісі Рэйчел Уисз - “ең үздік әйел рөлі үшін” “Оскарға” ие болды. Бұл сыйлық оған “Мәңгі бақшашы” фильмінде халықаралық дәрі-дәрмек компаниясының іс-әрекетін зерттеймін деп Африкада құрбан болған британ дипломатының әйелі рөлін үздік орындағаны үшін берілді. 34 жастағы әртіс әйел “Оскар” сыйлығын тұңғыш рет алып отыр. Сарапшылардың ортақ пікірінше, “2005-іншің жылдың ең үздік” фильмі атауы үшін 2 ковбойдың гомосексуалдық махаббаты туралы “Бүкір тау” және АҚШ-тағы нәсілшілдік туралы “Авария” фильмдері өзара сарапқа салатын тәрізді.
XS
SM
MD
LG