Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін АҚШ барлық амал-айласын қолданбақ


ВЕНА. Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің 35 елдің өкілдерінен құрылған басқарма кеңесі бүгін Венада Иранның “ядролық ісін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру мүмкіндігін талқылауға тиіс. Кеше Иранның ресми өкілі Әли Лариджани егер аталған агенттік “ядролық істі” Қауіпсіздік Кеңеске беретін шешім қабылдайтын болса, онда Теһран уранды байытуын толығымен қайта жалғастырады деп ескертті. АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Джон Болтон уранды өңдеу өндірісін қайта іске қосқан Иранның ауыр да экономикалық жазаға тап болатынын ескертіп, Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін АҚШ-тың барлық амалын қолданатынын хабарлады. МАГАТЭ басқармасының кеңесінде оның бас директоры Мухаммад Әл-Баради Иран туралы баяндама жасауға тиіс.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG