Accessibility links

Алматыда Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатысты халықаралық жиын болып өтті

  • Досан БАЙМОЛДА

Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының қолдауымен өткен бұл халықаралық жиынға Орталық Азияның Қазақстан,Қырғызстан,Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан секілді елдерінен келген белгілі сарапшылар мен саясаткерлер және мемлекеттік органдардың қызметкерлері сондай-ақ, АҚШ, Германия, Қытай, Жапония секілді елдердің сарапшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінде халықаралық ықпалдастықтың рөлі, болашағы, мемлекетаралық шекараның қауіпсіздігі секілді мәселерді талқылады.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мәселесінде заңсыз есірткі мен қару-жарақ тасымалына қарсы күрес, оның алдын алу, энергия қауіпсіздігі және аймақтағы АҚШ, Қытай және Ресей секілді ірі державалардың мүддесі мен ықпалы секілді мәселерді талқылады.

Жиынға қатысқан Қазақстанның сыртқы істер министрінің кеңесшісі Бекжасар Нарбаев, бүгінгі күні Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ең маңызды әрі ең өзекті мәселеге айналып отырғандығын айтты. Оның айтуынша, Орталық Азия елдері арасынан Қазақстандағы жағдайды бірталайда жақсы әрі тұрақты деп айтуға болады. Алайда, жуырда Қазақстанда орын алған саяси оқиғалар Қазақстанның жақсы атына көлеңке түсіріп, тұрақтылық тамырын шайқалтып жіберді.

Қырғызстан мен Өзбекстанда орын алған саяси жағдайлар ол сол елдердегі экономикалық себептерге қатысты болса ал Қазақстанда орын алған соңғы оқиғалар ол экономикалық сипатта емес, жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы күрестен туындады дейді сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

Ал қазақстандық бергілі саясатанушы Ерлан Қарин, Орталық Азия аймағында түрлі-түсті төңкерістердің әлі де орын алатындығын жоққа шығармайды. Бұл төңкеріс қайткен күнде Грузия не Украинадағы секілді төңкеріс болуы шарт емес одан басқаша сипатта орын алуы әбден мүмкін дейді ол. Халықаралық кейбір сарапшылар соңғы кезде Қытайдың Орталық Азия аймағына өзінің экспансиясын яғни ықпал әсерін әбден күшейте бастағанын алға тартты. Орталық азиядағы демократияны дамыту қорының бас директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша Қытай алдымен осы аймаққа өзінің економикалық экспансиясын күшейтіп отыр. Оның соңынан демографиялық және саяси экспансия жүріледі, ал бұған қарсы Орталық Азия елдері соның ішінде Қазақстан түк те істемей жайбарақат қарап отыр деген пікір айтты. Ал жиынға қатысқан Қытайдың Қазақстандағы саяси бөлімінің жетекшісі Лю Цзян Пин бұл пікірмен өзінің мүлдем келіспейтіндігін, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым қатынас, байланыс екі жаққа да тиімді дегенді айтты. Халықаралық жиында, сондай-ақ, Ауғанстандағы жағдайда талқыға салынып, заңсыз есірткі өндіру мен оның тасымалы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне зиян туғызып отырғандығы айтылды.
XS
SM
MD
LG